Елімізде 1441 көше мен 99 мектеп Абай есімімен аталады
![Елімізде 1441 көше мен 99 мектеп Абай есімімен аталады Елімізде 1441 көше мен 99 мектеп Абай есімімен аталады](/storage/storage/element/2023/08/10/mainphoto/63260/1200xauto_mfjA0StF3eVXJJ09O6yGB8F8Nn92L79T6bq9lVnU.png)
Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр Президент жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. ҚР МСМ мәліметінше, одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.
Оқи отырыңыз:
- Ұлы Абайды сөзге тоқтатқандар
- Әлемнің қай елдерінде Абай Құнанбаев атында көшелер мен ескерткіштер бар
Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған, – деді мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)