Жаңалықтар

Елімізде 117 мыңға жуық қыз қатерлі ісікке қарсы вакцина салдырды

Елімізде 117 мыңға жуық қыз қатерлі ісікке қарсы вакцина салдырды
Фото: Pixabay 07.02.2025 18:35 113

🪧Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз егілді. Вакцинациялаудан кейін егілгендердің арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

🔘Жоғары қауіпті онкогенді 16, 18 АПВ түрлері негізінен жатыр мойны обырын (ЖМО) тудырады.

🔘АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады.

🔴АПВ - әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ-ны жұқтырады.

📊Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.

АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді.

Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы 16 және 18 жасында адам паппиомасы вирусының онкогендік типтерін жұқтырған.

☑️АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буынынык арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға