Жаңалықтар

Елімізде 114 мыңнан астам қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды

Елімізде 114 мыңнан астам қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды
Фото: pixabay.com 27.01.2025 14:41 305

Елімізде 114 мыңнан астам қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 ҚР ДСМ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы ауруларға қарсы тиімді вакциналар тізімін кеңейту стратегиясын қолдайды. 2024 жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау енгізілді.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға АПВ вакцинациясы, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізілуде. Бүгінгі күні 114 мыңнан астам қыз бала егілді, оның ішінде 11 жастағы – 64 мыңнан астам, 12-13 жастағы – 50 мыңнан астам, - деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова.

Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелмеген
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға