Жаңалықтар

Елімізде 100 мемлекеттік мекеме қазақ тіліне қатысты ескерту алды

Елімізде 100 мемлекеттік мекеме қазақ тіліне қатысты ескерту алды
Фото: El.kz 14.04.2023 13:29 1275

100 мемлекеттік мекеме өз сайттарындағы қазақ тілінің жағдайына байланысты ескертулер алды. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасында айтылған.

«Жыл сайын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ұлттық компанияларда құжат айналымының мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізіледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 96,5% құрады (2020 жылы – 93%, 2021 жылы-96%). Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес 2022 жылы 105 мекеменің ресми сайттарына мониторинг жүргізілді (2020 жылы – 125, 2021 жылы – 180). Мониторинг барысында ресми сайттардың санына емес, олардың сапасына назар аударылды. 100 мекеме ескерту алды, кемшіліктер жойылды», – делінген тұжырымдама жобасында.

Жалпы алғанда 594 интернет-ресурс зерделенген, нәтижесінде 543-і пысықталып, олардағы кемшіліктер жойылды. 41 ресми сайт іске қосылды, бір мобильді қосымша мемлекеттік тілдегі нұсқасын қосты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға