Жаңалықтар

Елімізде 10 адамды пойыз қағып кеткен

Елімізде 10 адамды пойыз қағып кеткен
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 03.03.2025 12:06 240

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржолдарда пойыздар 10 адамды қағып кеткен, зардап шеккендердің төртеуі мас күйде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Rail-news.kz мәліметінше, 2024 жылы осындай 75 жағдай тіркелген.  

Оқиғалардың негізгі себептері: теміржол арқылы өту ережелерін бұзу, мас болу, құлаққапты пайдалану және зардап шеккендердің теміржол маңында немқұрайлылық танытуы, суицид жағдайлары. Зардап шеккендердің жалпы санының 23-і мас болған, - делінген мәліметте.  

Былтыр локомотив бригадалары 649 адамды теміржолдағы апаттан аман алып қалған.

ҚТЖ теміржолдан өтер кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға