Елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.
Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды, - делінген мәліметте.
Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.
