Еліміз бойынша су тасқыны болған аймақтарда 72 мыңнан астам қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
07.04.2024 18:13
813
Еліміздегі су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам, оның ішінде 16 078 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала құтқарылды. Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның 7 әуе кемесі құтқару жұмыстарын жалғастыруда. 7,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Сондай-ақ, апаттық-құтқару жұмыстарында 12 445 адам, 1300-ге жуық техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылып отыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды