Жаңалықтар

Еліме пайдам тиетін азаматша боламын!

Еліме пайдам тиетін азаматша боламын!
12.12.2019 11:03 2392

Елизавета СЕДЫШЕВА, «Берегиня» орыс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжінің 2 курс студенті, «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» форумына қатысушы:

Елбасымыз алғашқы еңбек жолын бастаған Теміртау қаласында туып-өстім. Қаным орыс болса да, жүрегім қазақ деп соғады. Қазақ тілін бір жылдың ішінде орыс мектебінде оқып, қалада тұрғаныма қарамастан меңгеріп алдым. «Жасқа жас, ойға кәрімін» деп Абай атамыз айтқандай, өмірдің қатал сынағын ерте көрдім. Алты жасымда жетім қалып, Теміртау балалар ауылында тәрбиелендім. Отбасымда әр ұлт өкілдері бір қазақтың баласындай тәрбиеленді. Соған себепші болған Алтынкүл анама айтар алғысым шексіз. Мейірімді Алтынкүл анамыз бойымызға бар махаббатын сіңіріп, қазақ халқының салт-дәстүрінен мол мағлұмат беріп, өнері мен мәдениетінің қайнар бұлағынан сусындатып өсірді. Болашақта кәсіби мемлекеттік тілді жетік меңгерген журналист болуды армандаймын. Ол үшін көп оқып, көп ізденемін. Мені әсіресе, теледидарда қазақ тілінде сұқбаттың қазақ тілінде беріле бермейтіндігі алаңдатады. Осы олқылықтың орнын толтырғым келеді.


Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға