Елге Қытайдың әскери делегациясы келді

Қытай Халық-азаттық армиясы "Батыс" Біріккен қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен кездесіп, жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу бағдарламаларымен танысты.
Сапар аясында ҚК Құрлық әскерлері қолбасшылығының өкілдерімен кездесулер өтті.
Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қытайлық әріптестер ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін елдің әскери тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер қойылған Мемлекеттік әскери-тарихи музейге барды.
Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша әскери ынтымақтастықты дамыту ниеттерін растады.
