Жаңалықтар

Елге көлікпен бидай әкелуге тыйым салынды

Елге көлікпен бидай әкелуге тыйым салынды
Фото: Pixabay.com 11.04.2023 12:10 1218

Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге алты айға тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» бұйрыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - деп жазылған құжатта.

Құжат жарияланған күннен, яғни 10 сәуірден бастап күшіне енетін болады.

Бұған дейін министрлік мұндай шешім бидайдың заңсыз әкелінуінен соңғы жылдары ішкі нарықтың зардап шегуіне байланысты қабылданғанын айтқан еді.

Салалық қауымдастықтардың мәліметі бойынша сұр импорт деп аталатын мұндай тауардың көлемі жылына 1,5-2 миллион тоннаға жеткен. Ал мемлекетке келетін жалпы шығын жыл сайын 500 миллион долларға бағаланады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға