Елена Рыбакина “Уимблдон” жарысының жеңімпазы атанды
23 жастағы қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет Үлкен Дулыға титулына ие болып отыр
09.07.2022 21:02
2239
Елена Рыбакина Ұлыбритания жерінде өткен “Уимблдон” жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz
Қазақстан теннисінің тарихында тұңғыш рет еліміздің намысын қорғайтын теннисші “Grand Slam” жарысында жеңімпаз атанды.
Финалдық сында Елена тунистік теннисші Онс Жаберді тартысты өткен кездесуде, үш сеттің қорытындысында 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкенттік жігіттің көлігінен ірі көлемде есірткі табылды
Келесі жаңалық
Еліміздегі Алжир Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады