Жаңалықтар

Елена Сафронова: Қазақстан – армандар орындалатын ел

08.11.2018 03:27 2510

Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы – Павлодар облысы Чуваш қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Елена Ивановна Софронова.

— Мәдениет орталығының құрылуы туралы әңгімелеп берсеңіз. 

—Тың жерлерді игеру кезінде жүректің қалауымен көптеген чуваштар Қазақстанға жер аударған болатын. 1995 жылы Ассамблея құрылып жатқанда облыста екі мыңға жуық чуваш тұрып жатты. Дәл сол жылы ақпан айында чуваш қоғамдастығының бірінші жиналысы өтті. Күн тәртібінде Павлодар облысының чуваш қоғамдық-мәдени орталығын құру туралы мәселе тұрды. Ақырында сәуір айында қоғам құрылып, ресми түрде тіркеуден өтті.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында жеті жүзге тарта чуваш өмір сүріп жатыр. Бірлестікте екі жүз белсенді мүше бар. Орталықтың негізгі мақсаты – чуваш ұлтының мәдениетін, тілін, тарихын, салт-дәстүрін және қолданбалы қолөнерін жаңғырту. Сонымен қатар, облыстың чуваш этносын егеменді Қазақстанның экономикалық және мәдени даму үдерісіне үлес қосуға қатыстыру. 

Орталықтың құрылған кезінен бастап «Сеспель» фольклорлық ансамбль жұмыс істейді. Оның көркемдік жетекшісі – Г. Ташимов. Ансамбль қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға асқан белсенділікпен қатысып, үнемі қарттар үйінде, шипажайларда, әскери бөлімшелерде, түзету-еңбек мекемелерінде өнер көрсетіп, ауылдарға шығып тұрады. Бірнеше мәрте Чуваш Республикасының астанасы Чебоксарыда өтетін «Поволжье бұлақтары» жалпыресейлік фестиваліне қатысып, екі рет лауреат атанды.  

— Мәдени орталықта қандай іс-шаралар өткізіледі?

— Орталықта дәстүрлі түрде Сурхури (Рождество), Манкун (Пасха), Керхи сара (егін өнімі мейрамы) аталып өтеді. Чуваш ұлтының ағартушысы И. Яковлевке арналған айлықта мәнерлеп оқу, бейнелеу конкурстары ұйымдастырылады. Ал Қазақстандағы Отбасы күнінде біз чуваш ұлттық тағамдары фестивалін өткізіп, онда тағам түрлерімен таныстырамыз.  

— Чуваштың ұлттық тағамдары туралы айтып берсеңіз?

— Чуваштар ет тағамдарын ұнатады. Ет тағамдарын көкөніс қосып даярлайды. Біздің тағамдардың ішіндегі ең танымалы – шартан. Сонымен қатар балық тағамдары да көп кезедеседі. Жергілікті тұрғындар ұннан пісірілетін тағамдарды сүйіп жейді. Картоп бәліші, ірімшік қосып пісірілетін пуремеч. Хуплу – картоп пен ет қосылып жасалатын бәліш.  

Чуваш тәттісі – дастарқанда ерекше орын алатын тағамдардың бірі.

— Мәдени орталық жанында чуваш тілін үйрететін курстар бар ма?

— Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде чуваш тілі, чуваш халқының мәдениеті мен дәстүрін үйрететін сабақтар жүргізіледі. Онда ата-аналар да балаларымен қосылып сабаққа қатысуларына болады.

Чуваш қоғамдық-мәдени орталығы тарихи отанымен тығыз байланыста. Ол жақта Ұлттар мен ақпараттық саясат істері жөніндегі министрлік пен Чуваш ұлттық конгресі бар. Бұл ұйымдар орталыққа музыкалық және әдістемелік әдебиеттермен үнемі көмектесіп отырады.

Біз Ертіс жағалауында орналасқан көптеген ұлттармен бір шаңырақ астында, тату-тәтті ғұмыр кешіп отырмыз. Елімізде бейбітшілік орнаған. Бәріміз бірге қазақ ұлтының мәдениетін, тілін, тарихын, дінін сақтап, оны қадірлейміз. Бұл бізге болашаққа үмітпен қарауға, оң нәтижелерге қол жеткізуге шабыт береді. Қазақстан – бұл мол мүмкіндіктің мекені ғана емес, армандардың орындалатын мекені.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға