Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz
26.12.2022 12:01
1444
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2022 жылғы спортшылар рейтингінің соңғы нұсқасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық Ига Свиатек сақтап қалды. Екінші орынды Тунис өкілі Онс Джабер, үшінші орынды америкалық Джессика Пегула иеленді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 21-орында тұр. Юлия Путинцева 51-орында.
Жұптық сайыста чехиялық Катерина Синякова, ресейлік Вероника Кудерметова және тағы бір чех спортшысы Барбора Крейчикова көш бастап тұр.
Қазақстандық Анна Данилина 11-ші болып қалды, Жібек Құламбаева бір позицияға төмен түсіп, 202-орынға жайғасты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президенттің 2022 жылғы жұмысына қорытынды жасалды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді