Елена Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өткен ірі халықаралық World Tennis League турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирге әлемнің түрлі елдерінен келген теннисшілерден құралған төрт команда қатысты.
Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).
Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Греция), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).
Kites: Ник Кирьос (Австралия), Каспер Рууд (Норвегия), Симона Халеп (Румыния), Жасмин Паолини (Италия).
Hawks: Джордан Томпсон (Австралия), Сумит Нагал (Үндістан), Мирра Андреева (Ресей), Арина Соболенко (Беларусь).
Нәтижесінде финалда Falcons мен Hawks командалары кездесті. Рыбакина командасы 20-16 есебімен жеңіске жетті.
