Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды
![Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды](/storage/storage/element/2024/04/21/mainphoto/100443/1200xauto_yz86RlYB6Qvcsj6kPgnc3Qv2C7omg13dteKTYtpD.png)
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
21.04.2024 17:30
667
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті.
Бұған дейін турнирде Елена Рыбакина ресейлік теннисші Вероника Кудерметованы (19-орын) – 7:6, 1:6, 6:4, италиялық Жасмин Паолиниді (14-орын) – 6:3, 5:7, 6:3, Ига Швятекті (1-орын) – 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңген.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы ашылды
Келесі жаңалық
Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке барды