Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» сәтті бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
31.05.2023 09:44
850
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орында) Франция ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рыбакина бірінші айналымда чехиялық Бренда Фрухвиртованы (146-орын) екі сетте жеңді – 6:4, 6:2.
16 жастағы чехиялық ару теннис әлемінің болашақ жұлдызы саналады. Оның болашағынан зор үміт күтетіндер көп.
Осы жеңісі үшін Елена 69 мың еуро алды.
Жерлесіміздің келесі қарсыласы Чехияның тағы бір өкілі – Линда Носкова (50-орын).
«Ролан Гаррос» турнирінің биылғы жеңімпазы 2 млн 300 мың еуро және 2000 рейтингілік ұпай алады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алаш ардақтылары әйелдерінің ауыр тағдыры
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті