Елена Рыбакина қаңғыбас иттерге арналған орталыққа ақша аударды
Фото: ©Андрей Ударцев
Фото: ©Андрей Ударцев
17.02.2023 15:42
840
Қазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина қаңғыбас иттерге арналған қамқорлық орталығына қаржылай көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Құрметті достар, бізге күтпеген жерден келген ерекше қуанышты жаңалықпен бөліспесек болмады. Елімізге ең танымал әрі талантты теннисші Елена Рыбакина бізге қиын сәтте қол ұшын созды. Кеше біз 10 тонна макарон сатып алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Еленаға шексіз алғыс айтамыз», - деп жазылған «СтопОтлов» волонтерлік қозғалысының Instagram парақшасында.
Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдірген. Қазіргі таңда аталмыш ұйым базасында 3500 ит пен 150 мысық бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл «Болашақ» бағдарламасына 555 стипендия бөлінді