Әлемнің 7-інші, Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакина Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кітаптың алғашқы бетіне теннисші «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Елена Рыбакинадан. Астана. 13.04.2023» деп қаламмен жазды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды