Елена Рыбакина науқастанып қалды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
22.02.2024 18:00
1334
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығы сыр беріп, Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ-тағы мәлімет бойынша, Елена Рыбакина асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі тиіс болатын. Елена кортқа шыпағандықтан, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Дубайда 13 эйс жасап, ширек финалға шыққанын жазған едік.
Бөлісу:
