Елена Рыбакина эйстен әлемде көш бастады
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
20.07.2023 11:47
1305
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде жекедара көш бастап келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
WTA кестесінен мәлім болғанындай, биылғы маусымда Елена Рыбакина 44 матчта 349 эйс жасап үлгерді.
Франциялық Каролин Гарсия 42 матчта 305 эйс жасаса, белоруссиялық Арина Соболенко (48, 275) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ресейліктер Вероника Кудерметова (39, 206), Людмила Самсонова (32, 197) төртінші, бесінші сатыда.
Оқи отырыңыз:
- Еркін күрестен Камиль Куруглиев Азия чемпионы атанды
- Жеңіліп көрмеген британдық Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында иттер жаппай уланып өлді
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды