Жаңалықтар

Елена Рыбакина бапкерімен серіктестігін тоқтатты

Елена Рыбакина бапкерімен серіктестігін тоқтатты
Фото: ktf.kz 23.08.2024 09:51 373

Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен серіктестігін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бес жылғы серіктестіктен соң Стефано екеуміз әрі қарай бірге жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта барлық жақсылықты тілеймін. Қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғыс білдіремін, – деп жазды Рыбакина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

15 тамыз күні Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында WTA 1000 турнирінің бастапқы кезеңінде әлемнің 24-ракеткасы канадалық Лейла Фернандеске жол берді.  Оған дейін Уимблдон-2024 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, чехиялық Барбора Крейчиковадан ұтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға