Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
14.01.2025 13:43
652
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан Australian Open-2025 ірі халықаралық турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші алғашқы ойында аустралиялық Эмерсон Джонспен кездесті.
Кортта теннисшілер екі сет ойнады. Рыбакина 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде қазақстандық теннисші АҚШ спортшысы Ива Йовичке қарсы ойнайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2024 жылы ІІМ криминалистері 50 мыңнан астам тексеру жүргізді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті