Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген болатын.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді. Есеп – 6:3. Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдете түсті. Есеп – 5:0. Ақыры төртінші матчболын пайдалана алды. Есеп – 6:0.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
