Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Әлемдік рейтингіде бесінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы белорус Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) WTA 2024 Қорытынды турнирі аясында өтті.
Матч қорытындысы — 6:4, 3:6, 6:1.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Рыбакина өзі есебіне алты эйс жазып, екі қосарланған қателік жасады және жеті брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.
Соболенко төрт эйсті орындап, төрт қосарланған қателікке бой алдырып, жеті брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.
Осы жеңісіне қарамастан, Рыбакина турнирді жалғастыра алмайды. Себебі бұған дейінгі топта ол екі рет жеңілді. Соболенко, керісінше, алғашқы екі ойынын жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.
