Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

Фото: © WTA
Фото: © WTA
04.12.2023 12:00
1154
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында рейтингті жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекелей сында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орында тұр, ал Юлия Путинцева 68-сатыда қалды.
Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).
Жұптық сында Рыбакина бір саты төмендеп, 123-орынға тұрақтады. Жұптық сындағы үздік теннисшіміз Анна Данилина 56-орнын сақтап қалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда желтоқсанда саңырауқұлақ өсіп жатыр
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы