Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
09.02.2024 13:00
1080
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі (БАӘ) WTA 500 сериясы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол турнирдің бірінші кездесуі Даниэль Коллинске қарсы өтті. Рыбакина бірінші сетте 4:6 есебімен жеңілсе, келесі екеуін 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Қарсыластар кортта 2 сағат 20 минут ойнады. Жеке кездесулерде Елена 3-1 есебімен алға шықты.
Ширек финалда Рыбакина Кристина Буча (№74, Испания) – Хизер Уотсон (№156, Ұлыбритания) жұбымен ойнайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шүкіжанованың орнына Respublica партиясынан Мәжіліске кім барады
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды