Электрондық сауданы дамыту 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
14.01.2025 12:25
442
ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Электрондық сауда – әлемдік экономиканың маңызды сегменті. Тек 2024 жылы 2,7 млрд-тан астам адам тауарларды онлайн сатып алған. Сатылымдардың жалпы сомасы шамамен $6,3 трлн-ға жетті. Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша елімізде өткен жыл қорытындысы бойынша электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті.
Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті