Жаңалықтар

Электронды темекінің экологияға зияны белгілі болды

Электронды темекінің экологияға зияны белгілі болды
Фото: © Pexels.com 21.10.2023 21:43 1056

Мамандар электронды темекінің зияны кәдімгі шылымнан кем түспейтінін айтып жатыр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бірақ кейінгі кездері электронды темекі шегіп, вейп тартатын адамдардың саны артып барады. Осы құрылғылардың денсаулыққа кері әсерінен бөлек қоршаған ортаға да залалы орасан екені анықталған. Әлемде вейпке арналған 844 миллион құрылғы жыл сайын далаға тасталады. Осының бәрін қосса, 6 "Эйфель мұнарасына" тең қоқыс шығады. Денсаулыққа кері әсер ететін бұл зиянды зат қоршаған ортаға да кері әсерін тигізеді. Бір реттік қолдануға арналған құрылғы 1 мың жылға дейін шірімей, айналаны ластап жата береді. Өйткені онда пластиктен бөлек литийден жасалған батареялар болады. Ал олар – нағыз қауіпті заттар.

Бір ғана Британяда апта сайын бір реттік қолдануға арналған 5 миллион электрон темекі қоқысқа айналады. Ондағы литийдің мөлшері электрмобиль жасауға қажетті 5 мың аккумулятор жасауға жеткілікті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға