Жаңалықтар

Электр самокаттардың жылдамдығына шектеу енгізілді

Енді самокаттың жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайды.
Электр самокаттардың жылдамдығына шектеу енгізілді
Фото: egemen.kz 05.08.2022 01:37 982

Алматыда самокат тебе алмайтындарға жылдамдық сағатына шамамен 20 шақырымға дейін шектелді, деп хабарлайды  El.kz.

– Қалада самокаттарға қатысты шешім қабылданды, тәртіпке келтіруге кірістік. Бірақ, заңның қабылдануын күтіп отырмыз. Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар биыл күзде қабылданады. Қала деңгейінде мердігерлермен меморандумға қол қойдық, олар қазірдің өзінде саябақ аумақтарынан шықты. Қазір осы үш ірі операторға арнайы автотұрақтарды қарастырып жатырмыз. Тәртіп бұзушылар – ережелерді сақтамайтын қаланың жас тұрғындары. Меморандум аясында тамыздың аяғына дейін тәртіп әлдеқайда жақсарады деп сенеміз. Заң шыққанша, бұл мәселені қаламыздың ішкі шешімдерімен қарастырамыз, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматыда ортақ серіктестіктердің электрлі самокаттарына қазірдің өзінде шектеу қойылған.

– Жылдамдық сағатына 25 шақырым. Бұл – самокат тебуді енді үйреніп жүргендерге. Ал, самокат тебуді үйренбегендерге сағатына шамамен 20 шақырым болады, – деді Ғани Мырзаханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға