Жаңалықтар

Электр самокат тізгіндеу үшін енді жүргізуші куәлігі қажет

Электр самокат тізгіндеу үшін енді жүргізуші куәлігі қажет
Фото: © Pixabay.com 10.05.2023 11:23 1196

Электр самокаттарының жүргізушілеріне қатысты жаңа заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тротуарларда электр самокаттары сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат беріледі. Алайда бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек және үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет, - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева.

Электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілері жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға