Жаңалықтар

Электр самокат тепкен оқушылар үшін ата-аналары жауап береді

Электр самокат тепкен оқушылар үшін ата-аналары жауап береді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 26.05.2023 14:40 1269
Алматы қалалық мобильділік басқармасы балалары самокат мінетін ата-аналар үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Алматыда электросамокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері мектептердегі ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыста олар ата-аналарға самокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді.

Кикшеринг компанияларының мәліметіне сәйкес, электр самокатты жалға алуға18 жасқа дейін шектеу қойылғанымен, оқушылардың жалдамалы самокатпен жүргендерін жиі көруге болады.

Кикшеринг қосымшасында тіркелу үшін банк карталарының деректері қажет, ал балалардың карталары автоматты түрде қабылданбайды. Сондықтан, балалар ата-аналарының немесе туыстарының банк карталарын пайдаланады, сөйтіп, электр скутерлерін жалға алуға қолжеткізеді,- деп хабалады Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасынан.

Компания өкілдері, кәмелетке толмаған тұлғалар мінген электрсамокат жол-көлік апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-ана жауапқа тартылатынын атап өтті.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға қосымшаларда тіркелу үшін банк карталарының деректерін беру және кәмелетке толмаған балалардың электр скутерлерде жүруіне жол берілмеуі тиіс,- деп ескерті басқармадан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға