Жаңалықтар

Электр энергиясына тариф 2 теңгеге қымбаттайды

Электр энергиясына тариф 2 теңгеге қымбаттайды
Фото: gov.kz 08.12.2023 07:25 822

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес 24 энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуге өтінім берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЭӨҰ деректері бойынша, түзету компанияға тәуелді емес шығындардың өсуіне байланысты. Атап айтқанда өтінімдерде тасымалдауды ескере отырып, отынға (көмірге, газға) арналған шығындардың өсуі байқалады.Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінде отынға жұмсалатын шығындар шамамен 60%-ды құрайды.

Шекті тарифтердің жобалары сонымен қатар елдегі инфляция деңгейіне сәйкес келетін өндірістік персоналдың жалақысының өсуін ескереді. ЭӨҰ персоналының саны шамамен 50 мың адамды құрайды. Бұл ретте білікті персоналдың тапшылығы 30% -ды құрайды, бұл сектордағы кадрлық тапшылық пен төмен жалақының салдары болып табылады.

Бұдан басқа тарифтің ұлғаюы жөндеу науқанын жүргізу және энергия өндіруші объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу және тасымалдау құнының өсуіне байланысты.

Берілген өтінімдерге сәйкес Қазақстан бойынша ЭӨҰ шекті тарифтерінің орташа өсуі кВтсағ үшін орта есеппен 2 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта аталған өтінімдер қаралып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға