Жаңалықтар

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы институты енгізіледі

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы институты енгізіледі
Фото: pixabay.com 12.12.2022 12:51 1077

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы институты енгізіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Нарықты монополизациялаудың жарқын үлгісі электр энергиясын өндіру және жабдықтау саналады. Онда көлбеу монополиялық топтар тәуелсіз жеткізушілердің нарыққа кіруін шектейді. Біз Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы институтын енгізуге кірістік. Осылайша, өнімсіз делдалдарды және өндірушілердің өздерінен қаражатты бұруды алып тастаймыз. Қорытындысында еліміз барлық өңір мен ұйым үшін теңгерімді баға алуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Бас прокуратураның жанынан арнайы комиссия құрылғанын еске салды.

«Комиссия заңсыз жолмен алынған және сыртқа шығарылған активтерді мемлекетке қайтарумен шұғылданады. Мен жақында арнайы Жарлыққа қол қойдым. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстың аясы нақтыланды. Осы шаруамен айналысатын қызметтер ұйымдастыру және кадрлық жағынан күшейтіледі. Жұмыстың тиімділігі артады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға