Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуға ниетті

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
09.08.2024 09:22
1181
Дзюдошы Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға дейін карьерасын жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиада чемпионын грек-рим күресінен финалға дейін жеткен 34 жастағы Демеу Жадыраев шабыттандырған. Бұл туралы ол тілшілермен өткен брифинг барысында айтты.
Келесі Олимпиадаға қарай Сметовтің жасы 35-ке толады.
Енді Елдос Халықаралық дзюдо федерациясы берген алтын жапсырмамен күреседі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды