Жаңалықтар

"Елдің бәрінде сіздікіндей үлкен қожалық жоқ". Вице-министр мен мәжілісмен сөзге келіп қалды

"Елдің бәрінде сіздікіндей үлкен қожалық жоқ". Вице-министр мен мәжілісмен сөзге келіп қалды
Фото: Видеодан кадр 20.09.2023 15:30 2797

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында депутат Айдарбек Қожаназаров пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек тұқым мәселесіне қатысты сөз таластырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілсмен Айдарбек Қожаназаров «Азық-түлік корпорациясының» қорнына тұқым береміз деп жатыр. Бірақ бұл тұқымдар араласып, 100-деген фермерлерден келіп, банкада жатқан тұқымдар ғой. Оны қалай шаруаларға ұсынамыз?, - деп сұрақ қойды.

Айдарбек Асанұлы, рақмет, кішігірім лекцияңызға жауап берейін. Біріншіден тұқым мәселесі. Біз қазіргі таңда 1,1 млн тонна астық бар деп айттық. Қазір Агро-экс тарапынан сараптама жүргізіледі, тұқымға жараған жағдайда шаруаларға тауарлық несие ретінде беріледі. Елдің бәрінде бірінші репродукция егетін сіздікіндей үлкен шаруа қожалығы емес. Екінші, үшінші, төртінші, бесінші репродукцияға дейін егетіндер бар. Сол себепті осындай жағдайды да қарастыру керек, - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек.

Мәжіліс депутаты вице-министрдің сөзін бөліп, қарсы шыққанда Әбілқайыр Тамабек аяғына дейін тыңдауды ұсынды.

Қосымша тұқым дұрыс болса ғана беріледі. Егер тұқым қажет болған жағдайда Ресей тарапынан қосымша тұқым сатып алып, бөлеміз дедім. Тұқымға импортты әріптестермен бірге талқылаймыз, мәселені шешеміз, - деп жауап берді вице-министр.

Ал Мәжіліс депутаты тұқымның сапасы дұрыс болу керегін алға тартты.

Мен сіздің баяндамаңызды аяғына дейін тыңдадым. Сіздің агроэксперттерге барып жатқаныңыздың өзі саланы түсінбейтініңізді көрсетеді. Сондықтан да сіз маған анау менің мекемем, бірінші, екінші деп айтып жүрмеңіз. Менің сізге айтарым, кішкентай шаруаға да дұрыс тұқым керек, - деді Айдарбек Қожаназаров.

Айта кетейік, шаруаларды тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға