Жаңалықтар

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы: кіріс пен шығыс, қарыз бен қаржы

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы: кіріс пен шығыс, қарыз бен қаржы
Фото: El.kz 15.06.2023 15:40 1176

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды деңгейде орындалып жатқанын министрлер атап өткен болатын. Дегенмен бірқатар салада игерілмеу мен инфляцияның әсерінен өзгерген сандар жоқшылық емес. Биылғы 5 аайда қандай салада қандай шығыс пен кіріс болғанын бағамдауды жөн көрдік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Экономикалық өсу мен құлдырау

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, биыл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 4,5%-ке өсті.

Оның ішінде нақты сектордағы өсу 3,6%-ті, ал қызмет көрсету саласындағы өсу – 4,9%-ті құрады.Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс  ең жоғары өсуді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 17,2%-ті құрады.Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 56,1%-ке, ауыл шаруашылығында – 30,8%-ке, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда – 3%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 15,7%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 13,4%-ке және өңдеу өнеркәсібінде – 2,8%-ке өсті.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарында байқалды.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 11,1%-ке өсіп, 44,4 млрд. долларды құрады.

Экспорт 25,5 млрд. долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 7,5%-ке ұлғайып, 8 млрд. долларға жетті.Тауарлар импорты 18,9 млрд. долларды.Жалпы оң сауда балансы 6,6 млрд. долларға тең.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,3%-ке өсті.

Көрсеткіш өсуі 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Алматы қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары көрсетті.Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 31,9%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 40,8%-ке және электр жабдықтарын жасаудың – 37,8%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі, мұнай өңдеу өнімдері, құрылыс материалдары, сусындар өндірісі, пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсібі», - дейді министр.

Оның айтуынша, тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,3%-ке жоғарлады.

Бұл ретте мұнай өндіру – 2,4%-ке, газ өндіру – 1,3%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 20%-ке өсті.Металл кендерін өндіру – 0,5%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 7,3%-ке, көмір өндіру – 8,5%-ке төмендеді.Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1%-ке ұлғайды.18 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарында байқалды.Қаңтар-мамырда 5,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ке жоғары.Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ұлытау облысында байқалды,-  деді министр.

Сондай-ақ  ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,5%-ке ұлғайды.

Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары көрсетті.7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 8 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды.Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын бақылау және тиісті тұрақтандыру шараларын қабылдау, - дейді Қуантыров.

Оның айтуынша, экономика салаларында өсудің оң қарқынын сақтау жөніндегі шараларды іске асыру, егін жинауға дайындықта кешенді қолдау көрсету.Жаңа инвесторларға кешенді қолдау көрсете отырып, олардың сұраныстарына барлық деңгейлерде жедел ден қою;

Отандық өндіріс тауарларын жеткізудің жоспарланған көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін экспорттаушыларды қолдаудың қолжетімді шараларын ілгерілету.Бизнестің сұраныстарына уақытылы жауап беру және оның қызметін жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз  ету.

Шығыс пен кіріс

5 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңгеден аса кірістер түсті немесе жоспар 103,0%-ке орындалды.Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджетке 5,4 трлн теңге түскенін растап отыр.

Жоспар 93,8%-ке орындалды. Атқарылмаған бөлігі 355 млрд  теңгені құрады.Салықтар бойынша жоспардың 400 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есебінен қалыптасты.Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2023 жылдың 5 айында 641 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ке немесе 108 млрд. теңгеге азаюымен байланысты, - деді ол.

Министр атағандай, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ке төмендеуімен байланысты болды.

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 11%-ке төмендеуі әсер етті. Жергілікті бюджеттердің кірістері 128,9%-ке атқарылды және 2,6 трлн. теңгені құрады.Жоспар 590 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 548 млрд. теңгеге асыра орындалды.Кірістер бойынша жоспарлар Алматы облысынан басқа барлық өңірлерде асыра орындалды, - дейді Жамаубаев.

Ол атағандай, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,9%-ке атқарылды.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.Атқарылмау 109  миллиардтеңгені құрады, оның ішінде
21 миллиард теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 88 млрд теңге.Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы, - деді ол.

Ерұлан Жамаубаев жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,4 триллион теңгені құрағанын айтады.

Атқарылмағаны - 47  миллиард теңге. Өңірлерге 2 трлн. теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 641  миллиардтеңге бөлінген.Оның 97,8%-і игерілген.  Игерілмегені – 14  миллиардтеңге.

Ең көп игерілмеу:  Астана қаласында, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында қалыптасты.5 айда камералдық бақылаумен 6,2 триллион теңгеге 209 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды.Тексеру қорытындылары бойынша 31 550 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91% орындады.

902 аудиторлық іс-шара өткізілді.Аудитпен бюджет қаражатының шамамен 383 млрд. теңгесі қамтылды.Шамамен 55  миллиард теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, - деді ол.

Сондай-ақ тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 43 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды.Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 936 ұсыным берілген.

Нысандарды жекешелендіру

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 669 объектіні сату көзделген.Есепті кезеңде 312 млрд теңге сомасына 369 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.36 объекті сатуға қойылды.62 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.202 объекті сату алдындағы дайындықта тұр. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қаржының атқарылу нәтижелері осындай.5 айдың қорытындысы бойынша   жалпы ішкі өнім 4,5%-ке өсті.Негізгі үлесті өңдеуші өнеркәсіп салалары қосып отыр.  Машина жасауда – 32%,   оның ішінде автомобиль жасауда – 41%,   локомотивтер мен вагондар өндірісінде – 46% өсу динамикасы тіркелді.

Жеңіл өнеркәсіпте – 31% оның ішінде текстиль өндірісі – 51%, киім-кешек өндірісінде – 4,8% өсім бар. Тамақ өнімдерін шығару 6,5%-ке,   пластмасса бұйымдары 7,7%-ке,   минералды өнім шығару 4,1%-ке,   дайын металл бұйымдары 11%-ке ұлғайды. Ауыл шаруашылығында өсім 3,5%. Қызмет көрсету секторы 4,9%-ке жуық өсті. Бұл көрсеткіш   сауданың 10,2%,   байланыс пен ақпараттың  9,1%   және көлік саласының 7,2%-ке өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Кен өндіруді есепке алмағанда   негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі – 19,4%-ті құрады.5 айдың қорытындысы бойынша   барлық негізгі макрокөрсеткіштердің өсімі   Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен   Алматы қаласында тіркелді, - деді Жамаубаев.

Ауыл шаруашылығындағы өсім

Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның үлесіне ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40%-ы тиесілі.Жалпы саланың тұрақты қарқынмен дамып келе жатқанын талдау көрсетіп отыр. Малдың барлық түрлерінің саны тұрақты өсуде. Өткен 2022 жылдың өзінде ірі қара мал саны 4,2%-ға, қой  4,8%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 6,5%-ға, құс 4%-ға өскен. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері де өсуде. Атап айтқанда, сауылатын сүт орта есеппен 4,7 %-ға ұлғайды, сондай-ақ қойлардың сойыс салмағы 8,6%-ға, тауықтардың жұмыртқа әкелуі 17,2%-ға өскені байқалады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға ұлғайды, ал ағымдағы жылдың 5 айында өсім 3,6%-құрады (1,5 триллион теңге).

АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев пандемияға дейін 2019 жылы аусыл бойынша саламатты мәртебе болған кезеңде ет экспорты    9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға 3,6 мың тонна, Ресейге – 2,1 мың тонна және Иранға – 2,3 мың тонна ет экспортталғанын айтты.

2022 жылдың қорытындысы бойынша солтүстік-батыс өңірлерде аусыл бойынша саламатты мәртебенің болмағанына қарамастан (оңтүстік-шығыс өңірлер саламатты мәртебені ағымдағы жылдың наурыз айында растады), біз Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қырғызстанға экспортты қайта бағдарлай алдық және экспорт көлемін 2,9 есеге арттырдық. Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты      28,7 мың тоннаны құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш (соңғы 10 жылдағы ең жоғарғы көлем 2020 жылғы – 11,7 мың тонна, 2,4 есе). Бұл үрдіс ағымдағы жылы да сақталуда (2023 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша ет экспортының өсуі 2022 жылғы осыған ұқсас кезеңге қарағанда 19,6%-ды құрады), - деді министр.

Бұл ретте министр атағандай,  Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе, ал Біріккен Араб Әмірліктеріне 8 есе (0,3 мың тоннадан 2 мың тоннаға дейін) өсті.

Айта кетсек, 2022 жылы сиыр етінің экспорты 18,3 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 2,5 есе көп (7,4 мың тонна).

Қой етінің экспорты 10,4 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 7,6 есе көп (1,4 мың тонна).

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласына инвестицияның тартылуын сақтауға мүмкіндік берді. Өткен жылы мал шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 67%-ға артып, 117,5 млрд.теңгеге жетті. Барлығы 102 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл ретте инвестициялардың ең үлкен көлемі тауарлық сүт фермаларының құрылысына тиесілі. 2022 жылы қуаты 52,4 мың тонна сүт болатын 36 тауарлық сүт фермасы енгізілді. Сондай-ақ жалпы қуаты жылына      41,9 мың тонна құс етін өндіретін ет бағытындағы құс фабрикаларын салу бойынша 7 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлық сүт фермасын құруға 100 млрд.теңге бөлінді, бұл елдің импортқа тәуелділігін 39%-дан 11%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Соңғы 10 жылда мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті артты. Мемлекеттік қолдау шараларын күшейту есебінен малдың барлық түрлері бойынша асыл тұқымды малдың үлес салмағы өсті.

Мысалы, асыл тұқымды ірі қара малдың үлес салмағы жалпы ірі қара мал басына шаққанда 7%-дан 13,5%-ға дейін өсті.Сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс процесіне және тұқымдық түрлендіруге тартылған фермерлік шаруашылықтардың саны 2022 жылы 6 мыңнан 22 мыңға дейін артты.Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында мал шаруашылығын субсидиялау тетігін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылаушы органдардың ескертулерін ескере отырып, субсидиялау қағидаларынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар нормалар алып тасталды, - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ветеринария жүйесін реформалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәжірибелік ветеринариялық қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 35%-ға өсті, жалақыға қосымша ақы төлеу және сауықтыруға жәрдемақы беру есебінен оларды әлеуметтік қорғау шаралары күшейтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға