Жаңалықтар

Елден сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салынады

Елден сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салынады
Фото: © Pixabay.com 11.10.2023 03:23 631

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жылға, теміржол көлігімен әкетуге жарты жылға тыйым салынады. Тиісті бұйрықты энергетика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Талқылау уақыты 24 қазанға дейін созылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль көлігімен үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін. Бұл шектеу өнімді бөлу туралы келісімі бар немесе жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарты аясында өндіріп жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қолданылмайды, - делінген құжатта.

Шектеу ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін енгізіледі. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға