Жаңалықтар

Елден қашқан Күдебаевқа қатысты тың деректер белгілі болды

Елден қашқан Күдебаевқа қатысты тың деректер белгілі болды
Фото: gov.kz 03.04.2023 19:21 821

ҰҚК Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтың ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпегенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі комитетке сілтеме жасап.

Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы ақпарат шыққан болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға