Жаңалықтар

Елден 1 мыңға жуық киік мүйізін шығармақ болғандар ұсталды

Елден 1 мыңға жуық киік мүйізін шығармақ болғандар ұсталды
Фото: gov.kz 26.10.2024 10:35 392

«Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға