Жаңалықтар

Елдегі зейнетақының орташа мөлшері аталды

Елдегі зейнетақының орташа мөлшері аталды
Фото: Pixabay.com 14.04.2025 10:27 474

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 465 мың адам.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша:

жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 143 622 теңге;

ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 963 теңге;

базалық зейнетақы – 47 659 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға