Жаңалықтар

Елдегі су қоймаларындағы жағдай белгілі болды

Елдегі су қоймаларындағы жағдай белгілі болды
Фото: gov.kz 06.04.2024 21:05 999

Су ресурстары және ирригация министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева елдегі су қоймаларындағы қазіргі ахуал бойынша ақпаратен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 99%-ға толды, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр. Ал Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының су жинау көрсеткіші орта есеппен 95%-ды құрайды. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, су ағынының азаюы байқалады.

Шығыс Қазақстан облысындағы бес ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 62%, олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 59%-ға толы және штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қарағанды облысының төрт ірі су қоймасы бойынша су жинау көрсеткіші - 98%. Өңірде су тасқыны кезеңі өтті.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 95%-ға толды. Аймақта су тасқыны байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% толды.

Су қоймаларындағы қазіргі су ағыны 1980 жылдан бергі ең ірі болып табылады. Су объектілерінде жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су шаруашылығы жағдайына үздіксіз мониторинг жүргізіледі. Министрліктің 1000-нан астам маманы мен 280 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей су тасқыны және гидротехникалық нысандардың жұмысы туралы жедел ақпарат алмасуда.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста. Тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға