Жаңалықтар

Елдегі орташа жалақы 500 мың бола ма? Байбазаров пікір білдірді

Елдегі орташа жалақы 500 мың бола ма? Байбазаров пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.02.2024 12:50 1022

Баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елдегі орташа жалақының өсу-өспеуі туралы және ең төменгі жалақының неге өзгеріссіз қалғанына қатысты қойылған сауалға жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Журналист: «Елдегі орташа жалақы 500 мыңға қашан жетеді? Осындай жоспар бар ма? Енді біз бай мемлекетпіз ғой», - деп сұрады. 

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мұның барлығы экономикаға байланысты екенін айтты. 

Экономикамыз қарқынды өссе, оның бәріне тез жетеміз. Сондықтан біздің алға қойған мақсатымыз бұрынғы болжауларды ысырып, алдымызға батыл мақсаттар қойып, экономиканы өсу жолында әртараптанып, ыңғайлы инвестициялар тарту бойынша Үкімет белсенді жұмыс істеуге дайын, – деп қысқа қайырды. 

БАҚ өкілі ең төменгі жалақы 85 мың теңге көлемінде тұрғанын, оны есептеу әдісі неге өзгермей жатқанын сұрады. 

Бұл - сол министрліктің құзырындағы мәселе. Бірақ бұл біздің мемлекеттік кірістің табысына байланысты. Табыс көп болса, әрине, бұл деңгей көтерілетін болады. Осы жолдан таймаймыз. Әлеуметтік саладағы әріптестеріміз мұны екі қолмен қолдайды. Олар халықпен бірге осал топтармен жұмыс істеп жатқасын жақсы түсінеді. Экономикалық өсу қарқыны кем дегенде 6-7 пайыз болса, онда табыс деңгейі де соғұрлым жоғары болады, – деді Байбазаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға