Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі (LIVE! режимінде толықтырылып отырылады)
«Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі» атты жаңа айдарымызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға арнап әр кезде айтқан өнегелі сөздерін үздіксіз жариялап отыратын боламыз.
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».
***
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».
***
«Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады».
***
«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл».
***
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».
***
«Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды».
***
«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
***
«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».
***
«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».
***
«Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар».
***
«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз».
***
«Мен біздің халықтық игілігіміз болып табылатын қазақстандық табыстың үш кілті туралы еске сала кеткім келеді.
Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.
Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту.
Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз.
Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық.
Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау.
Осының арқасында біздің әралуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді.
Егер біздің тағаттылығымыз болмаса, онда біздің қайығымыз бағытынан ауытқып кетуі ықтимал және әрі қарай апаттан қорғалмайтын болады.
Біз апатқа ұшырап, «SOS» белгісін беретін теңіз саяхатшыларына айналамыз.
Үшінші. Бұл тарихи тағдырымыздың ортақтығы.
Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыстарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жалғастыру.
Тек осы біздің құндылықтарымызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз».
***
«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады».
***
«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы».
***
«Жұмыс істегісі келгендердің бәрі жұмыс табады және бір емес, екі жұмыс тауып, еңбекақы алу мүмкіндігі бар. Тек ниет болуы керек».
***
«Біздің адамдарымыз өзге елдерде не болып жатқанын жиі ұмытып кетеді».
***
«Ал біздің Қазақстанда әркімнің тұрақты өмір сүріп және отбасын асырап қана қоймай, балаларына білім беріп және болашақты жоспарлау мүмкіндігі бар».
***
«Дамыған елдердегі ең басты қағидат мынандай – жұмыс адамды емес, адам жұмысты іздейді».
***
«Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет.
Сондықтан да тәртіп пен еңбек сапасы айрықша маңызға ие болуда».
***
«Мемлекет халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қаншалықты күш-жігер жұмсаса да, егер әрбір қазақстандық өз тағдырының еңбексүйгіш қожайынына айналмаса, елдегі бар жақсылардың бәрін қадірлеп, оларды одан әрі еселемесе, ол артпайды».
***
«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек.
Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол».
***
«Қараңыздар, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты елдер өздерінің идеялары мен технологияларын шебер орындауының, өздерінің тиянақтылығы мен еңбегінің арқасында табыстарға жетіп отыр».
***
«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі.
Сендер өздігінен білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар».
***
«Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде балама емес, асқан қажеттілік" дейді Гарвард университетінің нақылдарының бірі.
Соған байланысты, сендер алатын сапалы білім бар болғаны жолашар интеллектуалдық капитал болып табылады.
Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет.
Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам».
Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын.
Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек».
***
«Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген.
Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз.
Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады».
Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар.
Осы жауапкершілікті сезіне біліңдер».
***
«Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал».
***
«Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер»!
***
«Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!
Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты».
Елбасының Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөздерінен. 2012 жыл, 6 қыркүйек.
***
«Осы Ұлыстың ұлы күнінде мен ендігі сөзімді елімізбен бірге Кемелдік кезеңге қадам басқан жастарға арнаймын.
Біз сендердің білікті маман, болашағы жарқын отаншыл азамат болып өсулерің үшін барлығын жасап келеміз.
Біз сендер үшін білім беру мен ғылымның ең озық жүйесін жасаудамыз.
Сендердің алдарыңнан ата-бабаларың армандап көрмеген ғаламат мүмкіндіктер ашылуда.
Біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді сендер лайықты жалғастыруға тиіссіңдер!
Тәуелсіздіктің 20 жылында жасалған бар жақсылық Сендерге арналды!
Елдік пен Тәуелсіздіктің Киелі көк Туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін –жастар, сендер боласыңдар!
Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар!
Қуатты Қазақстанның құтты іргесін қалаушы біздің буынның абыройлы аманатына лайық бола біліңдер!
Сонда ғана Қазақстан жас ұрпақтың жанқияр еңбегі арқылы өркендейтін болады деп сенемін.
Тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған бүгінгі ұлы күнге біз берік сеніммен жетіп отырмыз:
Бұл дәуір бізді таңдады.
Біз берілген тарихи мүмкіндікті тамаша пайдалана білдік. Келер ұрпақ та солай етуі керек.»
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөздерінен.15.12.2011ж.
***
«Сіздер оқу бітіріп, елге еңбек сіңіретін кездеріңізде мына ғалам өзгеше болады. Білім мен ғылымның заманы болады.»
«Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет мен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет.»
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті стипендиаттарының иегерлері-магистранттармен кездесуінде сөйлеген сөздерінен.30.09.2011ж.
Сендердің тың бастамаларыңды мен әрқашан қолдаймын!
Қазақстан қай мағынасынан алғанда да жас мемлекет.
Ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі менің де мемлекеттің де ең басты назарында болды.
Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.
2020-жылға дейін жас отбасыларға арнап 1,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй салуды тапсырдым.
Бұл құрғақ цифрлар ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында орасан еңбек пен сендерге шексіз қамқорлық жатыр.
Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін.
***
Бірақ, біз ешуақытта мойыған жоқпыз.
Жеріміз бай, халқымыз сауатты, жастарымыз отан сүйгіш болды. Арманым орындалды.
Қазіргі күндерге жету үшін біздің буын, сендердің әкелерің, аталарың көп тер төкті.
Елдің сыртын жаудан, ішін даудан аман алу үшін деп күндіз-түні тынбай жұмыс істедік.
***
Қазақстан – халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды.
Бір буын ауыспай-ақ, мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық.
Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз.
Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған жоқ.
***
Барша халқымыздың ең басты құндылығы – Тәуелсіздік!
Біз – көшпенділердің ұрпағымыз, ат үстінде жүрген елміз.
Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Естеріңде болсын, тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ. Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды.
Бүгінгі тәуелсіз елімізде қазақтың ішкі бірлігі сақталуға тиіс.
Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір.
Сыртта жүрсек те, іште жүрсек те, барлық мәселені бірлесіп шешуге тиіспіз.
Ешуақытта басқа ұлттың, басқа діннің адамдарын ренжітуге болмайды. Қандай жаманшылықты өзіңе тілемейсің, басқаларға да сондай тілекші бол. Қазақстандықтардың барлығы бір-біріне тілеулес болғаны жөн.
Басқа ұлт болса да, оларда Қазақстанның төлқұжаты бар, осы елде туып-өсті.
Бөтеніміз емес. Қоғамның барлық жүгін бірге көтерісіп келеді. Зауыт, фабрикаларды бірге салып жатырмыз.
Бірлігіміз болса, біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Бұған дейін осылай болған, бұдан кейін де солай болуға тиіс.
Енді тура бір айдан соң ел тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өткелі отырмыз.
Асылын ардақтай білетін халқымыз тәуелсіздіктің қадірін бір сәт те түсірген жоқ.
Тұғырын нығайтып, түтінін түзу ұшыруға барын салып келеді.
Алға, Қазақстан! Алға, Жас Отан!
Қазақстан Республикасының Президенті, "Нұр Отан" ХДП Төрағасы Н.Назарбаевтың "Жас Отан" Жастар қанатының II съезінде сөйлеген сөзі (Астана, 2012 жылғы 16 қараша)
Лондон олимпиадасы Қазақстан спорты тарихына алтын әріптермен жазылады.
2016-жылы Рио-де-Жанейрода өтетін 31-ші жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан ең мықтылардың қатарында барады.
Ендігі міндет – ел абыройын осы биіктен төмендетпеу.
Біз сендерден болашақта да ерен ерліктер, жарқын жеңістер күтеміз!
Жеңістерің жеңістерге ұласа берсін!
Еліміздің мәртебесі биіктей берсін!
Қазақстан жасасын!
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі (Астана, Тәуелсіздік Сарайы, 2012 жылғы 17 тамыз).
Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан (Астана, 2014 жылғы 11 қараша)
***
Жастар - біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету - біздің міндетіміз.
***
Еркін елдің болашағы - фундаменталды білім мен дамыған ғылым еншісінде.
***
Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады.
***
Әрбір халық өзінің болашағын өскелен ұрпақпен байланыстырады.
***
Біздің елде дарынды, енді дамып келе жатқан жастарға ерекше жағдайлар жасалуда.
***
Дарынды ұрпақ - өзінің тағдырын түсінетін ұрпақ.
***
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі
Фотолар akorda.kz, zhasotan.kz сайтынан.
Бұл жобамыз бойынша дайындалған мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын оқығыңыз келсе...