Жаңалықтар

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы этноауылда болып, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
24.03.2016 09:09 4426

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы этноауылда болып, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Вnews.kz.

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Ұлыстың ұлы күні кешегі сайлаудағы ұлы жеңісімізбен қатар келді.  Біз, қазақ xалқы, қазақстандықтар бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай аман-есен жүріп жатқан жайымыз бар. Осы бірліктен құдай айырмасын. Барлық істеп жатқан жұмысымыз келер ұрпақтың қамы. Болашақ ұрпаққа қалдыратын аманатымыз елдің бірлігін сақтап, тәуелсіздігімізді көздің қарашағындай күтіп, қорғап, болашаққа жол салатын болсын. Жаңа жылда, көктемде жер жаңарады, ел жаңарады. Біздің еліміз де жаңарып келеді», - деді Н.Назарбаев.

«Қобыланды батырдың поэмасында «Қаз жайлауы саз болар, Наурыздан кейін жаз болар» деген жолдар бар еді. Менің айтпағым, Жаратқан осы бірлігімізден ажыратпасын. Келер ұрпақ біздің аманатамызды ұстап, елді қорғасын. Наурыз мерекесі құтты болсын»,- деп түйіндеді Елбасы.  


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға