Жаңалықтар

Ел мақтандары

Амбицкий Владимир Петрович (1940 жылы, Украина, Херсон облысы Нововоронцов ауданы Фирсовка селосы) – еңбек озаты.
04.09.2014 06:02 3923

Амбицкий Владимир Петрович (1940 жылы, Украина, Херсон облысы Нововоронцов ауданы Фирсовка селосы) – еңбек озаты. Социалистік Еңбек Ері (1973). Еңбек жолын 1954 жылы Қостанай облысында «Комсомол» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1961 жылдан қазіргі Уәлиханов ауданының «Чернигов» кеңшарында тракторшы­комбайншы болып жұмыс істеген.

 Асадуллаев Алекпер Тораби 1915 жылы Ашхабад қаласында туған. 1930­1939  жылдары Ашхабад қаласында шофер болып істеген. 1939 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі  Жамбыл)  ауданында  шофер  болды.  1940   жылдан – комбайнер, ал 1954 жылдан Баян МТС­да трактор бригадасының бригадирі болып істеді.

1952 жылы 28 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Алекпер Тораби Асадуллаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 Ахмедсафин Уфа Мендібайұлы (15.07.1912, қазіргі Аққайың ауданының 2­ауылы – 21.10.1984, Алматы қаласы) – ғалым, Қазақстан гидрогеология мектебінің негізін қалаушылардың бірі, геология­минералогия ғылымының докторы (1947), профессор (1949), Қазақстан ҒА­ның академигі (1961). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1961). Социалистік Еңбек Ері (1969). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980). Орта Азия индустриялық институтын бітірген (1935). 1940­-1964 жж. Қазақстан ҒА Геология ғылыми институтында аға ғылыми қызметкер, сектор және бөлім меңгерушісі, сонымен қатар 1948­1951 жж. Қазақ тау­кен металлургия институтында кафедра меңгерушісі; 1965­1984 жж. Қазақстан ҒА­ның Гидрогеология және гидрофизика институтының директоры қызметтерін атқарған. Оның  ғылыми  еңбектері  Қазақстан  мен  Орта  Азия  шөлді аймақтарының гидрогеологиясын зерттеуге арналған. Ахмедсафин жерасты су көздерін, олардың пайда болу, қалыптасу, таралу заңдылықтарын ашты. Сондай­ақ жерасты суларын картаға түсіру, гидрогеологиялық карталарды жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырып, гидрогеологиялық болжамдаудың негізін қалады. Ахмедсафин ұсынған басты теориялық және әдістемелік қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеологиялық болжам карталарын жасауға мүмкіндік берді, бұрын сусыз деп саналып келген шөл­шөлейт аймақтарда көптеген тұщы сулы артезиан және грунт суларының алаптарын ашуға негіз болды. Ол жер астындағы тұзды және ас тұзды сулардың табиғи және пайдаланылатын, жылма­жыл толықтырылатын қорын анықтап, оны өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығында, елді мекендерде, мал жайылымдарында, шөлейт жерлерді суаруға тиімді пайдаланудың жолдарын негіздеді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1955­ 1959) болды. Ленин, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ҚР ҰҒА Гидрогеология және гидрофизика институтына Ахмедсафин есімі берілген.

 Әбілпейісов Тұрлыбек (1926 жылы, қазіргі Айыртау ауданы Жұмысшы ауылы) – механизатор. Социалистік  Еңбек Ері (1957), Қотыркөл механика мектебін бітірген (1943). Кейін Қамысақты МТС­нда комбайншы, 1959 жылдан «Лавровский» кеңшарында бригадир болып еңбек еткен. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), есімі ҚазКСР­нің «Алтын Құрмет» кітабына енгізілген (1986), Ленин, «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту, «Қазан революциясы» ордендерімен марапатталған.

 Әшімов Бәйкен (10.08.1917, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі, Айыртау болысы Шабақбай ауылы, қазіргі Айыртау ауд. СҚО – 05.02.2010 ж. Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1977). Қызылжардағы (Петропавл) ФЗО мектебін, ауыл шаруашылығы техникумын (1938), Ленинград қолданбалы зоология институтын (1957), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1969)   бітірген.   1938­1941   жж.   армия   қатарында,   1941­1942 жж. Айыртау ауданы орта мектебінің мұғалімі болды. 1942­1945 жж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945­ 1961 жж. Айыртау, Зеренді аудандарында және Көкшетау обл. партия комитеттерінде басшы қызметтер атқарған. 1961­ 1970 жж. Қарағанды, Талдықорған облыстарын басқарды. 1970­1984 жж. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің, 1984­1985 жж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Президиумының төрағасы болды. Тың жерлерді игеру және Қазақстанның ауылдық жерлерінің экономикасын көтеру жұмыстарына белсене араласқан. Осы кезеңдерде Қазақстанда Қазақ газ өңдеу зауыты, Ақтау пластмасса зауыты, Қарағанды резина­тех. бұйымдар зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатының ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ақсу аймақтық  электр  ст­лары,  Қапшағай су электр ст., Жәйрем кен байыту комб., т.б. ірі өнеркәсіп орындары салынды, өндіріс технологиясы жаңарып, ғылым мен техника жетістіктері кеңінен пайдаланылды. Сол кезде өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан КСРО бойынша үшінші орынға (РКФСР мен Украинадан кейін) шықты. 1985 жылдан дербес зейнеткер. 4 мәрте Ленин, 2 мәр­ те Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 2 мәрте 1­дәрежелі Отан соғысы, «Парасат» ордендерімен және медальдармен, Моңғолия орденімен, сондай­ақ, Польшаның ең жоғары әскери құрмет белгісі «Вертути Милитари» орденімен марапатталған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға