Жаңалықтар

Ел үшін еңбек еткендер

Ефимов Сергей Кириллович (1918 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Тахтаброд ауылы – 1979 жылы) – Социалистік Еңбек Ері (1957).
04.09.2014 06:15 3721

Ефимов Сергей Кириллович (1918 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Тахтаброд ауылы – 1979 жылы) – Социалистік Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын 1938 жылы техникумды бітірген соң Ақан ауылында агроном болып бастаған. 1940 жылы Кеңес Әскері қатарына  шақырылған, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін 1946­-1955 жылдары учаскелік инспектор, Константинов және Тахтаброд  МТС-­да  бас  агроном,  1955­1962 жылдары Константинов МТС­-ның директоры, Арықбалық ауданының ауылшаруашылық инспекциясының бастығы, аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.

Жукова Татьяна Яковлевна 1914 жылы Пензен облысы Нижеломов ауданы Большой Мечкос селосында туған. 1957 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданындағы «Заречный» кеңшарында бұзау күтушісі болып істеді.

1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Татьяна Яковлевна Жуковаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Қадралин Есілбай Тәлкейұлы 1948 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев селосында дүниеге келген. Социалистік Еңбек Ері (1980). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1997). 1964­-1982 жылдары шопан, жүргізуші, механизатор, 1982 жылдан трактор­егістік бригадасының бригадирі, 1989-­1992 жылдары ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарған. Мәскеудегі Дүниежізі жастарының кездесуіне қатысқан (1972), Берлиндегі Жастар және студенттердің 10­бүкіләлемдік фестивалінің делегаты. 1975 жылы Қазақстан жастар атынан Бирма Республикасында болып қайтты. Қазіргі кезде фермер. 2 мәрте «Ленин», Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Кириленко Мария Ивановна 1935 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Возвышен ауданында дүниеге келген. 1948 жылдан «Кеңесский» кеңшарында тұқым себуші, кейін аға шошқа өсіруші болып істеген.

1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Мария Ивановна Кириленкоға Социалистік  Еңбек Ері атағы берілді.

Колмыков Иван Карпович 1908 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданында туған. Еңбек жолын колхозшы болудан бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946­-1963 жылдары Баян МТС­да комбайыншы болып істеді. Кейін Киров атындағы кеңшарда машина аула­ сының меңгерушісі қызметін атқарған.

1952 жылы 28 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  Иван  Карпович  Колмыковқа  Социалистік  Еңбек Ері атағы берілді. Бұған дейін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен және «Еңбегі ерлігі үшін», «1941-­1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Константинов Федор Васильевич 1910 жылы туған. Еңбек жолын 1923 жылы әкесінің шаруашылығында бастап, кейін теміржолда жұмыс істеп, машина жүргізуші болды. 1941­-1945 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1946 жылдан Конюхов ауданындағы «Красная крепость» ұжымшары басқармасының төрағасы болып істеген.

1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Федор Васильевич Константиновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Корабельников Яков Григорьевич 1938 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданындағы Калинин атындағы ұжымшарда туған. 1954 жылдан «Пушкин» кеңшарында сауыншы болып істеген. Ол өзінің қажырлы еңбегімен кез келген жағдайда сиырдан мол өнім­сүт саууға болатынын дәлелдеді.

1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Яков Григорьевич Корабельниковке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Оның есімі Қазақ КСР Құрмет кітабына еңгізілді.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға