Жаңалықтар

Ел қорғау – ердің ісі

Әскери ант қабылдау
25.11.2016 09:27 9191

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Мемлекеттік күзет қызметі әскерлерінің қатары Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздармен толығады.

Ел қорғау – ердің ісі

Әскери қызмет өткеру және Отан алдындағы конституциялық борышын атқару үшін республикамыздың барлық өңірлерінен шақырылған жастар Әскери ант қабылдайды. Әскери ант қабылдау дәстүрі  – борышын өтеуге келген азаматтардың патриоттық сезімін нығайтып, Отанына адал қызмет етуге баулиды.

Әскери ант – жауынгердің өміріндегі әскери қызметке бастайтын алғашқы маңызды актілердің бірі. Ант – бұл  мемлекетке, өз елінің халқына адал болуға серт беру.

Ант – іс-әрекетті сипаттау ғана емес, сонымен қатар өз ойын білдіруі, осы іс-әрекетімен қабылдаушының мәртебесін және ол кіретін әлеуметтік байланыстар жүйесін өзгерту болып табылады.

Ел қорғау – ердің ісі 

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде еліміздің қуатты құрылымдарында 30 мыңға жуық сарбаз мерзімді қызмет атқарған. Әлі де әскери міндетін өткерушілер сарбаздардың қатарын толықтырып, атамекенге адал қызмет атқаруды жалғастыруда.

Әскерге шақырылған сарбаздар алдымен жас жауынгер курсынан өтеді. Олар осы жауапты қадамға үлкен дайындықпен келеді. Жас жауынгерлер қысқа мерзімде ең әуелі әскери тәртіпке үйреніп, сап түзеуді меңгереді. Қарумен және қарусыз саптық амалдарды үйреніп, ант қабылдайтын күні салтанатты жағдайда сап түзейді.  

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің  сарбаздары ант қабылдағаннан кейін Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әскери бөлімдерге бөлінеді. Олар Қазақстан Рсепубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, басқа да күзетілеін лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ  хаттамалық іс-шараларға қатысып,  шетел басшыларымен кездесу және шығарып салу рәсімдерін орындайды.  Мемлекеттік Ту мен Елтаңба эталондарын күзететін болады.

Ел қорғау – ердің ісі

2016 жылғы күзгі әскерге шақыру нәтижесі бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің  қатарына шақырылған азаматтардың сапалық мінездемесі жоғары деңгейде екенін аңғаруға болады. Екі жүзден аса жауынгердің 24 пайызы жоғары білімді болса, 56 пайызы орта-арнайы білімі туралы дипломмен келген. Көбісі спорт саласында жетістікке жеткен сарбаздар.

Мемлекеттік күзет қызметінде басқа әскери құралымдарға қарағанда әлеуметтік қамтамасыз ету жоғары екенін айта кету керек. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің азық-түлік паегінің құны 1150 теңгені құрайды. Күн сайын  әскери қызметшілер теңгерімделген тамақты үш  рет ішеді.  Негізгі азық-түлікпен қатар мәзірге мыналар: бал, табиғи шырын, жеміс-жидек (алма, банан, апельсин) қосылған. Жыл сайын әрбір әскери қызметшінің киім-кешегіне 150433 теңге жұмсалады. Құрмет қарауыл ротасына түскендерге киім нысаны мен аяқ киім жеке тігіледі.

 Ел қорғау – ердің ісі

Ант қабылдау рәсіміне Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары шақырылды.


 Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 Суреттер Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметінен алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға