Ел үміті – Элизабетте
03.11.2016 07:15
4099
Ертең Ресейдің Мәскеу қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі – «Rostelecom Cup 2016» жарысы басталады. Бұл жарыста мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ел намысын қорғайды.
Халықаралық доданы «Kazsport» телеарнасы 4 қараша күні сағат 23:25-те және 5 қарашада сағат 22:35-те тікелей эфирде көрсетпекші. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасының стратегиялық маркетинг департаменті хабарлады.
«Rostelecom Cup 2016» турнирі – мәнерлеп сырғанау бойынша ISU Гран-придің үшінші кезеңі (2016-2017). Турнир ұйымдастырушысы – РФ мәнерлеп сырғанау федерациясы. Жарыс ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауы, жұппен сырғанау және мұзда билеу категориялары бойынша өтеді.
Элизабет Тұрсынбаева – биыл Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ Қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері. Сондай-ақ, ол жақында Канадада өткен «Autumn Classic International Skate Canada» халықаралық турнирінде де қола жүлдеге қол жеткізді.
Элизабеттің басқа да жетістіктерімен танысу үшін оның наурыз айында el.kz сайтына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Әзірлеген – Жансая Төлеген
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға