Жаңалықтар

Ел шығысында күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды

Ел шығысында күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды
08.07.2023 23:53 955

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында күкірт қышқылын тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 7 шілдеде болған.

Күршім ауданы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдары арасындағы автожолда күкірт қышқылын тиеген жүк көлігі аударылды. Бұл факт бойынша тергеу басталды. Жиналған материал құқықтық бағалау және тиісті шешім қабылдау үшін экология департаментіне жіберілді, - дейді ведомство.

Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға