Жаңалықтар

Ел шекарасын заңсыз кесіп өтетіндерге қандай жаза қолданылады

Қатаңдату шарасы Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты қабылданбақ
Ел шекарасын заңсыз кесіп өтетіндерге қандай жаза қолданылады
Фото: baq.kz 10.01.2023 14:44 1136

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасында қаралған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«ҚР мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан аумағынан тысқары 5 жыл мерзімге шығарыла отырып, оған 2 000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - деп жазылған жаңа редакцияда.

Құжаттың түсіндірмесінде көрсетілгендей, жазаны қатаңдату шарасы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен Ауғанстандағы ахуалға байланысты қабылданып отыр.

Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша шекараны заңсыз кесіп өткендерге қолданылатын ең қатаң жаза – 1 жылға дейін бас бостандығанан айыру. Енгізілгелі отырған өзгерістерге сай, енді мұндай қылмыстар үшін кінәлі 3 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға